Сарапшылардың пікірінше, әйелдердің экономикалық дербестігі артқан сайын, отбасын құру мен бала туу көрсеткіштеріне тікелей ықпал етеді, деп хабарлады qandastar.kz.
Нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев бұл үрдісті табиғи әлеуметтік өзгеріс деп бағалайды:
«Қазір әйелдің өз үйі, жұмысы, табысы, көлігі бар. Мұндай жағдайда ол өзін толыққанды сезінеді. Сондықтан “халық саны көбейіп жатыр” деген құбылыс – уақытша көрсеткіш», – дейді ол.
Маманның пікірінше, қазіргі заманда әйел адамның өмір сапасы мен өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі артқан сайын, отбасы құру мен көп балалы болуға деген мотивация төмендейді.
Демография мәселесін талдаушылар да соңғы жылдары дәл осы факторды – экономикалық дербестік пен әлеуметтік теңдікті туу көрсеткішінің баяулауына әсер ететін негізгі себептердің бірі ретінде атап өтеді.