Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің жұбайы Адель Әділова Астанадағы пәтеріне рум-тур жасап, видео түсірді деп хабарлайды qandastar.kz.
Адель Әділованың айтуынша, пәтер орналасқан тұрғын үй кешені 2004 жылы салынған. Отбасы 2023 жылдан бері осы қызметтік пәтерде тұрады. Терезесі Мәңгілік ел даңғылына қарап, Мәжіліс ғимараты көрінеді. Видеодағы интерьер қарапайым: қонақ бөлмеде ескі жиһаз, сәл тозған шкафтар мен тумбалар бар. Бір тумбаның есігі сынған, ал жиһаздарға шамамен 20 жыл болған.
Әділова пәтердің люкс санатына жатпайтынын, мұндағы мақсат – «Қазақстандық мемлекеттік қызметкердің тұрмысын ашық көрсету» екеніне тоқталды.



