Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Әйелі өліп кетсе, не болады?»: Заңгер хиджабтағы әйелін ер дәрігерлерге қаратудан бас тартқан шымкенттікті сынады

Шымкент тұрғыны хиджабтағы әйелінің іші ауырып қаратпақ болғанын айтып, хирург дәрігерлердің барлығы еркектер екеніне шағымданды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ер адамның видеосы желіде тарап, қызу талқыға қалды.

«Күні кеше Шымкентте мынадай жағдай болды. Әйелімнің түнімен іші ауырады, біз оны соқыр ішек деп ойлап қаламыз. Келіншегім хиджабта. Ер кісілерге апару ыңғайсыз. Содан мен жан жақтан клиникаларға хабарласамын. Содан олардың бәрінде жоқ. Ауруханаға барамын, ол жақта бәрі еркек хирургтар. 103-ке де хабарласамыз, ауруханаға апарайық десек те барлығы еркек хирургтар. Миллион халқы бар Шымкентте тұрамыз. Хиджабтағы кісілерге неге мұндай жағдай жасалмаған? Әурет жерін көрсеткісі келмейтін әйел кісілер де бар ғой. Ол кісілерге неге сондай жағдай жасалмаған? Әйел хирургтар оқымай ма? Әлде тек еркектер хирург бола ма», — деді ер адам.

Танымал заңгер Айгүл Орынбек ер адамды тексеру керектігін айтады.

«Шымкент Ұлттық қауіпсіздік комитеті оянамыз! Мына жігітке мүмкін бөлек мемлекет ашып берерміз. Осылай дәрігер іздеп жүргенде әйелі өліп кетсе не болар еді?», — деп жазды заңгер.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button