Жаңалықтар

Әйелі себеп болған: Депутатты аяусыз соққыға жыққан сақалды жігіт туралы тың ақпарат шықты

Тараз қаласында адвокат, Алматы облысы мәслихатының депутаты соққыға жығылды,деп хабарлайды qandastar.kz сайты Todayinfo агенттігіне сілтеме жасап.

Видеодан екі еркектің балалы, оранған әйел отырған диванның жанында ерегісіп тұрғанын көруге болады.

Төбелестің шығуына телефон қуаттағышы себепкер болған.

Адвокат сақалды жігіт пен оның оранып алған әйелі отырған орындыққа жақын жерде телефонын қуаттап алмақшы болған. Алайда заңгердің әрекеті ерлі-зайыптыға ұнамаған.

«Бүгін тапа тал түсте, ПД жанында  адвокат, мәслихат депутаты Нұрлан Байғазинов аяусыз соққыға жығылды. Біз оны алаяқтық істермен күресудегі еңбегі арқылы білеміз. Депутаттың бет сүйегі, жағы сынған. Депуттар аяусыз соққыға жығылса, онда біз сияқты қарапайым адамдардың құқығы қалай қорғалады?  Неге Жамбыл облысында бандиттер еркінсиді?  Бұл сұрақ полиция департаментіне», — деді видеоүндеу жасаған жігіт.

Төбелес оранған әйелдің телефон қуаттамақ болған адвокатқа балағат сөз айтуынан шыққан. Дауға араласқан сақалды агрессор балалар мен кафедегі қонақтардың көзінше авдокатты аяусыз соққының астына алған.

Қазіргі уақытта бет сүйегі сынған депутатқа ауруханада ота жасалып жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close