Үкімет кулуарында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өзінің жеке көлігі жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Менің жеке көлігім жоқ. Тек әйелімде ғана бар», — деді ол.
Нағаспаев оған қызметтік көлікті Қазақстан Президентінің іс басқармасы беретінін нақтылады.
«Министрліктің көлігін Қазақстан Президентінің іс басқармасы қамтамасыз етеді. Маған жеке өзіме көлік тағайындалған жоқ – тек қызметтік «Kia» көлігі бөлінді және мен тек осы көлікті пайдаланамын», — деп түсіндірді министр.
Айта кетері, бұған дейін экс-президенттің сотталған жиені Самат Әбіш Mercedes-Benz S 63 AMG көлігін сатылымға қойғаны туралы хабарланған болатын.