Актер Аян Өтепберген мен актриса әрі әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбеттің бірге түскен видеосы желіде сынға қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Олар жуырда жарық көретін «Соңғы Махаббат» киносында басты рөлдерді сомдайды.
Актриса кино аясындағы фотосессияда түскен видеосын жарияланды.
«Фильм — тек сценарий емес. Ол актерлардың сезімі, режиссердың көзқарасы жене әрбір сәтке құйылған жанкешті еңбек», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр.
«Прям махаббат көзқараспен қарап тұр ғой», «Актердың әйелі болмағаныма шүкір деймін осындай кадрларды көрген кезде», «Әйелі қалай қызғанбайды» және «Тек жігітпен жабысатын киноға түсе ма қалай өзі» деп жазып жатыр олар.

