Жаңалықтар
«Әйеліне обал, жүрегі қақ айырылған»: Әндерінің шығу тарихын айтқан Құрмаш Махан сынға қалды

Елімізге белгілі әнші Құрмаш Махан “Қызық Times” бағдарламасына берген сұхбатында “Аңсарым” әнін қосыла алмаған ғашығына арнап шығарғанын айтып, жұрттың сынына қалды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
”Жан сырым” әнін бір қызға арнадым. Сосын ол қыз басқа кісіге тұрмысқа шықты. Мен басқа кісіге үйлендім. Арада 5 жыл өткенде сол кісі менің есіме түсіп, түсіме кіреді. Ертеңіне сол сәтке деген сағынышпен осы ән шықты. Ол әнге Назира Бердалы қарындасыма қолқа салып, өлең жаздырғанмын.
“Ұнайды” деген ән “Аңсарым” әнінің жалғасы. Негізі бір кейіпкерге 9 ән жазылды. Сағыныштан туған әндер. Бір мюзикл түсіруге болады. Осы әндерден кино түсіреміз деп мені қорқытып жүрген режиссер, драматург достарым көп. Әзірге тек айтып жүр, бұйырса, көреміз”, — дейді ол.
Әннің тарихын білген көпшілік өнер иесінің әйеліне қаншалықты қиын болғанын болжап, түрлі пікір жазған.
”Сүйікті әнім еді. Тарихын біліп, тыңдағым келмей қалды”, “Әйеліне обал, мынаны естіп, жүрегі қақ айырылған шығар”, “Өтірік болсын басқа нәрсе айту керек еді”, “Көңілім қалды, отбасы бола тұра қалайша басқа адамға ән арнайды”, “Мына әнді енді тыңдамаймын”, — деп жазды олар.