Өскеменде екі ер адамды туыстары «жоғалды» деп полицияға хабарлаған. Кейін белгілі болғандай, екеуі де аман-есен Алматыдан табылған, деп жазады qandastar.kz
Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл екі бөлек жағдай. Бірі — қараша айында басында анасынан ақша алып, үн-түнсіз кеткен. Екіншісі – әйеліне ештеңе демей, хабарсыз таксиге мініп кетіп қалған.
Бірнеше күн іздеуден кейін екеуі де Алматыда жүргені анықталды.



