Жаңалықтар

«Әйелмін ба, еркекпін ба?»: Атышулы Иман Хелиф мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөз

Париждегі Олимпиада ойындарында гендерлік дауға ұшыраған алжирлік боксшы Иман Хелиф алтын медальді жеңіп алуын даудың нүктесін қойған жауап болды деп отыр.

 Бұл туралы ол Reuters агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Онда спортшы әрдайым әйел болғанын және әйел болып қала беретінін, көптің аяқтан тартқанына қарамастан табандылық танытқанын айтты.

«Бұл алтын медаль — маған қарсы жүргізілген науқанға ең жақсы жауап болды. Мен де кез келген әйел сияқты әйелмін. Әйел болып туылдым және әйел ретінде өмір сүрдім, бірақ күндес дұшпандарым бар», — деді Хелиф.

25 жастағы Халиф 66 келі салмақ дәрежесінде финалда қытайлық Ян Люді жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды. Бұл жеңіс алжирлік спортшы үшін сегіз жылдық еңбектің нәтижесі болды.

«Бұл менің арманым еді. Сегіз жыл ұйқысыз өтті, сегіз жылым шаршаумен өтті. Енді міне Олимпиада чемпионымын. Өте қуаныштымын. Мені қолдауға келген барлық адамдарға, бүкіл Алжирге, Парижге алғыс айтқым келеді», — деді Хелиф.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Халықаралық бокс қауымдастығы Хелифті әлем чемпионатында генетикалық сынақтардың нәтижелері бойынша дисквалификациялаған болатын. Бұл сынақтарда спортшының ерлерге тән XY хромосомалық жиынтығы анықталған-мыс. Дегенмен, Халықаралық Олимпиада комитеті оны және тайваньдық спортшы Линь Юйтинді Париж Олимпиадасына қатысуға жіберді. IBA-ның гендерлік сынақтарының заңды еместігін мәлімдеп, олардың жүргізілуінде көптеген заң бұзушылықтардың болғанын атап өтті.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close