Әлем жаңалықтары

Әйгілі «Шрек» мультфильмінің бесінші бөлімі қашан шығатыны белгілі болды

Фото: видеодан скриншот

Universal студиясы әйгілі «Шрек 5» мультфильмінің қашан шығатынын жария етті әрі туындының алғашқы трейлерін жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz Газета.ру-ға сілтеме жасап.

Әлем жұртшылығының сүйікті туындысына айналған «Шрек 5» мультфильмі 2026 жылы желтоқсанда жарыққа шығады деп жоспарланып отыр.

Америкалық жазушы Уильям Стейгтің кітабына негізделген аталған мультфильм алғаш рет 2001 жылы 18 мамырда көрермен назарына ұсынылған болатын. Аз уақыт ішінде әлем бойынша ең көп қаралған туындыға айналған туынды араға бір жыл салып, 2012 жылы «Үздік анимациялық фильм» номинациясы бойынша Оскар сыйлығын иеленді.

«Шрек 5» туындысының шығуы DreamWorks Animation студиясының 25 жылдығына арналған. Белгілі болғандай, Майк Майерс, Эдди Мерфи пен Кэмерон Диас өз рөлдеріне қайта оралады.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close