Жаңалықтар
Айгүл Ахметова: Өскелең ұрпақты өндіріске бейімдеу керек

Қазір қоғам назары кәдеге жарату алымына (утильалым) ауып тұрғаны жасырын емес.
Аталған алымға қарсы петиция жарияланып, 50 мың адамның қолы жиылғанын білеміз. Енді петицияны қарау үшін Үкімет мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен қоғам белсенділері, өнеркәсіп өкілдерінен жұмыс тобы құрылмақ. Бұған қатысты пікір де сан алуан. Allur компаниясының білім мен ғылымды дамыту бойынша кеңесшісі Айгуль Ахметова мәселеге қатысты маңызды ой айтты.
“Мен білім саласындағы сапаны айтқым келеді. Жақында Оңтүстік Кореяға бардым. 30 жылда локализация толық болса, олар білім саласын бірінші күннен дамытқан.
Өзім Сәтбаев атындағы секілді университеттермен тығыз жұмыс істеймін. Біздегі білім саласы өндірістен тым алыс.
Ақша, қаржы, салықты айтамыз, халықты бір кісідей мен де ойлаймын. Бірақ қазақ тілін техникалық тіл дәрежесіне көтердік пе?
Ә.Бөкейханов бір ғасыр бұрын «соқасыз, машинасыз, шалғысыз қазақ болмайды» деп айтып кеткен.
Жаман-жақсы болсын зауыттарымыз бар. Біз енді неге өскелең ұрпақты өндіріске бейімдемейміз. Ақшаны емес, адами капиталды ойлайық!”, — деді ол.
М.СНАДИН