Жаңалықтар

Айгүл Орынбек: «Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды»

Белгілі қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялап, көпшілікті сақ болуға шақырды, деп хабарлайды qandastar.kz..
Ол бейнежазба астына: «Крышам – Арман Берденов, білгеніңді істе…” деп жазып, азық-түлікке толы қойманы көрсетіп, өзін инвестор болуға шақырған адамдардың әрекетін әшкерелеген.

Айгүлдің айтуынша, бастапқыда адамдарды сендіру үшін қоймада тауар толып тұрғандай етіп көрсетіп, кейін барлық азық-түлікті «жоқ қылып», инвесторларды алдап кететін жағдайлар кездесіп жатыр.

«Алаяқтың жаңа түрі пайда болды, абай болыңыздар! Шымкент прокуратурасы бұл жерде қылмыстың құрамы жоқ дейді. Көп халық алданғанда ғана іс ашады екен», – деп жазды ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button