Жаңалықтар

Айгүл Орынбек: Шымкент полициясында анасын ұрған адам жұмыс істеп жүр

Фото: : Aigul Orynbek фейсбук парақшасынан

Қоғам белсендісі әрі заңгер Айгүл Орынбек Шымкент полициясындағы жағдай туралы желіге жазба жариялап, дабыл қатты. Заңгер тіпті, ҚР Ішкі істер министріне үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның жазуынша, анасына қол көтерін полицейге судья жай ескерту берген.

«Біздің Шымкент полициясында Анасын ұрған адам жұмыс істеп жатыр!

Анасына қол көтерген полиция қызметкеріне судья жәй ғана «ескерту» беріпті.

Думан Таев мырза!

Өз туған анасын таяққа жығып, ұрып тастайтын және ауруханадан бір-ақ шығаратын тәртіп сақшысы ары қарай жұмысын жалғастыра бере ме? Сот шешімінде бұл полиция қызметкерінің өз ашуын тежей алмай туған анасын ұрып, тіпті денсаулығына қасақана зиян келтіргені экспертизамен дәлелденгені көрсетілген!

Министр Ержан Саденов мырза!

Бұл – Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың «Халыққа жақын Полиция» тұжырымдамасына қарсы іс-әрекет!

Психикасы әлсіз, нәзікжанды әйелдермен жиі конфликтіге келетін, тіпті, туған анасына қасақана қол көтеретіндер қалай полицияға қабылданған? Анасына жаны ашымаған полиция қызметкері, Халыққа қайдан жаны ашысын? Сол күні «102» қоңырауымен  шақырылған тәртіп  сақшыларына алғыс білдіремін! «Өзіміздің әріптес қой» деп, істі «жылы» жауып қоймай, сотқа дейін жеткізген! Журналистер қауымы, егер сот қаулысы керек болса, «Сот кабинетінен» танысып-көре аласыздар!», – деп жазды Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында.  

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close