Жаңалықтар

Аймағамбетов ҰБТ өткізу форматын өзгертуді ұсынды

Фото: Dalanews.kz

Қазақстанда Жасанды интеллекттің дамуын ескере отырып, Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу процесін қайта қарау қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz

«ҰБТ қалай өзгеріп жатыр? Сұрақтар қалай өзгеруде? Бұрынғыдай нәтижеге қарап бағалау мүмкін емес. ChatGPT бар. ҰБТ қалай трансформацияланады – өкінішке қарай, бұл мәселе әлі ашық күйінде қалып отыр», – деді мәжілісмен.

Жаңа ұсыныстар

Dalanews.kz жазғандай,   Аймағамбетов жоғары оқу орындарында оқытылатын міндетті пәндер тізімін кеңейтуді ұсынып, философия мен қоғамдық-саяси пәндерге көбірек мән беру қажет екенін айтты.

«Сол сияқты Data Science. Деректермен жұмыс істей білу керек. Мүмкін, бұл да міндетті пәндердің бір бөлігі болуы тиіс. Статистикамен жұмыс – ұнасын, ұнамасын – базалық дағдыға айналып барады», – деп толықтырды депутат.

Қазіргі таңда депутаттың ұсынысы талқылау кезеңінде.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close