Жаңалықтар

«Аймалағым кеп ай төсін»: Нұрболат Абдуллиннің жаңа әні жұртты шошытты

Фото: nurbullin инстаграм парақшасынан

Әнші Нұрболат Абдуллин әлеуметтік желіде жаңа әнінен үзінді жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Алайда Нұрболат Абдулиннің жаңа әні қалай аталатыны белгісіз.

Бірақ әннің мәтінінде «Аймалағым кеп ай төсін, қалаға шыққам жай тосын. Сен қалай келдің қорықпай, хабарсыз кетсем, қайтесің?» деген жолдар бар.

Әншінің өзі де туындының дәл осы тұсын желідегі парақшасына жүктеп қойды. Мұны көрген көпшілік өнер иесіне түрлі пікір жазып қалдырды. Олардың бірі Нұрболат Абдуллиннің әнін сынаса, енді бірі оның түр-келбетіне қатысты ойын айтқан.

«Арзан дүние, ренжімеңіз», «Неменесін дейді?», «Әнінің төсі ашылып, өзінікі жабылған екен», деп жазды желі қолданушылары.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close