
Танымал эстрада әншісі Балжан Бидаш екі жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Ол алдымен оқырмандарына бүгін үйін тазалағанын айтты.
“Екінші жаңалығым — бүгін жаңа бейнебаяным шығады. Қалай болады екен, қатты уайымдап отырмын. Барлығын өзің ұйымдастырып, өз ақшаңа түсірген соң қатты алаңдайды екенсің, — деп жазды әнші.
Балжан Бидаштың жаңа бейнебаяны “Fake” деп аталады. Әнші клипте қыздардың ішкі дауысы, түрлі образ көрсетілетінін жазған. Клипті бір сағатта 789 қаралым жинады.



