Танымал продюсер және кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің жары Баян Алагөзова журналист Әсел Қожақоваға берген сұхбатында продюсер қазіргі коучтар туралы ойын ашық білдірді, деп жазады qandastar.kz
Ол коучтар мен гурулардың кеңесі арқылы ақыл-ой дамытудың мүмкін еместігін айтты.
«Коуч немесе спикер сізге өмір сүру жолын үйрете алмайды, олардың айтқаны тек сөз болып қалады. Біреу менің өмірімді өз орныма өмір сүре алмайды. Сол сияқты мен де олардың санасына ене алмаймын, олардың құндылықтарын өзіме сіңіре алмаймын. Ал олардың шындықты айтып тұрғанын қалай білуге болады?» — деп пікір білдірді продюсер.



