
Таеквондодан жасөспірімдер құрамасының спортшысы Айым Серікбаева Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлады, Qandastar.
44 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айым финалда вьетнамдық қарсыласын 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль салды.
Жеңістен кейін спортшы эмоциясын жасыра алмады:
«Бүгінгі жарыста бәрі ойдағыдай өтті. Чемпион боламын деген мақсатым орындалды. Ең қиын сәт жартылай финалда болды, бірақ өзімді қолға алып, жеңіске жеттім. Қолдау білдірген баршаңызға рақмет», – деді Серікбаева.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының екінші алтыны. Бұған дейін велошабандоздар аралас эстафетада жеңімпаз атанған болатын.



