Жаңалықтар

«Айыппұл төлеп құтылады»: Заңгер бүлдіршінді теуіп құлатқан адамның қандай жазаға тартылатынын түсіндірді

Заңгер Молдахан Әділетхан Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Алматыда бүлдіршінді тепкінің астына алған ер адамға қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты, деп жазады qandastar.kz

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Молдахан Адилетхан (@adiletkhan)


Алматыда ер адамның аулада ойнап жүрген баланы теуіп құлатқаны туралы түсірілген резонансты видео қоғамның қатты наразылығын тудырды. Оқиғаға қатысты пікір білдірген заңгер істің қандай жазаға әкелуі мүмкін екенін айтты.

«Бұл жерде 108-ші баппен іс қозғалды. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Санкциясы екі жылға дейін. Уақытша ұстау изоляторында 3 күн ұстайды, одан кейін үй қамаққа жібереді. Яғни, қамалып жатпайды. Сіздер қалай ойлайсыздар жаза әділ ме?!  Менің ойымша әділ емес, адамның жеке өміріне немқұрайлы қарайды. Егерде көшеде төбелесіп қалсаң Бұзақылық бабымен (ҚР Қылмыстық Кодексi 293-бап) 7 жылға дейін сотталасың. Бұл қазір айыппұл немесе қоғамдық жұмыспенде жазадан құтылып кетеді», – дейді ол.

Әдетте мұндай істерде қылмыстық жауапкершіліктен жалтару фактілері жиі кездеседі, себебі тараптар медиация арқылы татуласып, зардап шеккен тарап өтемақы алғаннан кейін шағымды қайтарып алады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button