Әлем жаңалықтары
Ақ үй USAID-тің «абсурдты» шығындарын жария етті
Фото: энциклопедия США
Ақ үй USAID-тің «абсурдты» шығындарын жария етті, деп жазады qandastar.kz
АҚШ әкімшілігі атышулы USAID-тың (Халықаралық даму жөніндегі агенттік) «абсурдты» жобаларға қыруар қаржы бөлгенін дәлелдейтін даулы құжатты жариялады.
«USAID ондаған жыл бойы салық төлеушілердің ақшасын төгіп-шашты. Біз оны дереу тоқтатамыз», – делінген Ақ үйдің мәлімдемесінде.
Ақ үй ұсынған ақпарат бойынша, USAID қаражаты түрлі елдерде «әрқилы» мақсатта пайдаланылған.
Мәселен:АҚШ, USAID, қаржы
Вьетнамға электромобильдер сатып алуға $2,5 млн;
Колумбиядағы трансгендерлердің операсына $47 мың;
Перудегі «трансгендерлік комиксті» әзірлеуге $32 мың;
Гватемаладағы жыныс ауыстыру операциялары мен «ЛҒБТ белсенділігіне» $2 млн;
Сириядағы «Әл-Каидаға» қатысы бар содырларға жүздеген мың порция тамақ;
Ауғанстандағы көкнәр егістігін суару, тыңайтқыш сатып алу және құрал-жабдыққа жүздеген миллион доллар бөлінген.
askerenews телеграм арнасының жазуынша, бұл тізім толық емес.
«Under President Trump, the waste, fraud, and abuse ENDS NOW (Президент Трамптың тұсында салық төлеушінің ақшасыз орынсыз жұмсау бүгіннен бастап ТОҚТАЙДЫ),” – деп атап өтті АҚШ әкімшілігі.