Шоу бизнес

«Ақботаға Димаштың өзі ғашық еді»: Дәурен Айдарқұловтың екінші әйелі туралы айтты (ВИДЕО)

Актер Дәурен Айдарқұлов Аман Тасығанға берген сұхбатында өзінің жеке өміріне байланысты сауалдарға бүкпесіз жауап берді, деп жазады qandastar.kz.

Ол сұхбат барысында әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбеттен дүниеге келген балалары бүгінде ата-анасының қолында өсіп жатқанын айтты.

«Ақботадан туылған екі баламыз бастапқыда анасымен бірге тұрған. Бірақ Ақбота әркез сыртта жүреді. Күтушімен тұру бала үшін қиындау. Нағыз туған-туыстың махаббатын сезе алмайды. Менің анам үш баламды да тәрбиелеген. Ақбота екеуміз басымызды қосып, сондай шешімге келдік. Балалар ата-әжесімен, менің қарындасыммен тұрсын дедік. Ақботаның тұратын үйі бізден алыс емес. Сол кебепті үнемі араласып отырады. Ол жағынан ешқандай мәселе жоқ», — деді актер.

Дәурен Айдарқұловтың бұл сұхбатынан кейін оқырмандар актерді кінәлап түрлі пікір жазды.

«Балаларды тірі жетім етіп»,

«Балаларын үлкен кісілерге бақтырып қойғаны дұрыс болмапты»,

«Қиындықтың бәрін ата-әжесі көріп жатыр де»,

«Ақботаны қор қылды ғой. Димаштың өзі ғашық еді Ақботаға», — деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.

 

@talk_like #amantasygan #рекомендации #talk_like #rek ♬ оригинальный звук — AMAN TASYGAN LIVE

Ұқсас Мақалалар

Back to top button