Жаңалықтар
«Әке мені қорғаңызшы, тастамаңызшы»: Әнару Қалдыбек тағы да үн қатты

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Қалдыбек желіге жазба жариялап, өз шындығын ортаға салды, деп хабарлайды qandastar.kz
turkystan.kz жазғандай, тура бір жыл бұрын танымал боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп үстінен арыз жазған ол беті қан-жоса суретін желіге жүктеді.
«Мен 1 жыл бұрын аварияға түсіп бетім осындай болған. Жәй ғана таксиға отырып, үйіме бара жатқан кезімде… Менің бұндай қорлықтарым көп. Мен @kaldybek_kurmanali нің бірінші қызымын, тұнғыш қызы. Бірақ осындай аласапыран өмір сүріп жатырмын… Менде бұндай суреттер өте көп. Және бір адамнан көрген қорлығымның да суреттері мен видеолары бар… Егер қаласаңыздар осы жерге біртіндеп барлығын шығаратын боламын… Сіздердің қолдауларыңызбен… Бірақ Анамның көзі тірісінде бір тал шашыма да зиян келмеген еді», – деп жазды ол.