Жаңалықтар
«Әкем мені көп ұрды»: Блогер Сабина Мовлаева балалық шағын есіне алып жылап қалды
Фото: ашық дереккөз
«Қалаулым» бағдарламасы арқылы көпшілікке танымал блогер Сабина Мовлаева Taboo подкастында бала күнін есіне алып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Әнші Анар Батырханмен сұхбатында бала күнінде болмайтын нәрсе үшін әкесі ұратынын айтты.
«Менің әкем бала күнімде мені өте көп ұратын. Оның түсінігінде қыз баланы ұрып тәрбиелеу керек екен. Кішкентай кезімде үйде дүкен болатын. Сатып алушылар балмұздақ алса, маған да біреуін ұстатып кететін. Мен баламын ғой, қатты қуанып күлсем, әкем қолындағы затын жіберіп қалатын. Анам көріп тұрып аяйтын. Қазір екі інім «неге біз сол кезде әкемізге қой демедік» деп өкінеді. Бауырларыма әкемнің қолының ұшы да тиген емес. Ақыры анам бөлек тұруға шешім қабылдады. Әкем мені ұра бергесін, анам да шаршап кетті. «Бұл қыз ертең мынадай соққыдан құтылу үшін ертерек тұрмысқа шығып кетеді» деп айтты. Содан екеуі бөлек кетті. Әкемді ешқашан жамандаған емеспін», – деді блогер.