Жаңалықтар

Ақерке Бүркітбай Әли Оқаповтың басы дауға қалған сәтін еске алды

Фото: инстаграм

Қобызшы Ақерке Бүркітбай журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жары Әли Оқаповтың “Құрмет” орденін аламын деп басы дауға қалған сәт жайлы сөз қозғады, – деп жазды qandastar.kz

Бұл жағдай отбасына ауыр тигенін атап өтті.

“Тимур, сенің үйіңде отырғанда бәріміз Әлиді құттықтадық. Сол жерде фотоға түсіріп, желіге салдық. Негізі мен “сала бер, лайықсың!” деп айтып едім. Ертеңіне дау басталып кетті. Өзіміз де қорқып кеттік. Кореяда осындай шудан көп әртіс өздеріне қол жұмсап жатыр. Әлидің сол кездегі ішкі жағдайында қандай арпалыс болғанын біз сырттай көрдік. Қолымыздан келгенше, жанында болып, қолдауға тырыстық. Тіпті, дұрыс қолдап жатырмын ба, артық ештеңе айтып қоймадым ба деп те ойладым. Өте қиын кезең болды. Оны да жеңіл көретін адамдар болуы мүмкін. Оның ішінде анамыздың атына да өте ауыр сөз келді. Халық әртісі болмаса да, ешбір ана өзінің баласы үшін ондай сөз естімеуі керек», – деді қобызшы.

Сол уақытта күйеуінің денсаулығы сыр бергенін айтты.

  • “Сол оқиғадан кейін Әли бір апта нәр татпады, басын көтермеді. Көз алдымызда солып, өртеніп бара жатқандай болды. Анамыз үйіне шақырып, көңілімізді аулады. Ол кісі ештеңе болмағандай, шай-тамағын дайындап, Зейінді бақты. Аналық махаббатын сезіндіріп, қолдау білдірді. Өйткені 50 жыл сахнада жүргенде естімеген сөзі қалмаған. Ол ешкімнің сөзін көңіліне алмайды. Әлиге де соны айтып, еңсесін көтеруді өтінді», – деді қобызшы.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close