ЖаңалықтарШоу бизнес

«Әкесі мен қызы сияқты»: өзінен 15 жас кіші қызға үйленген Жігер Ауыпбаев сынға қалды

Жігер Ауыпбаевтың жаңа серігі әлеуметтік желіде өзіне қойылған сауалдарға жауап берді, деп жазады qandastar.kz.
Желідегі қолданушылардың бірі оған «жасы үлкен ер адаммен жүргенше, өзіңді дамытқаның дұрыс емес пе?» деген пікір қалдырған.
Бұл сынға бойжеткен:
«Мен тек өзім ғана емес, біз екеуміз бірге дамимыз» деп жауап берді.
Дегенмен кейбір желі қолданушылары оның жауабына күмәнмен қарап, қыздың әлі жас әрі тәжірибесі аз екенін атап өтті. Олар түрлі пікірлер қалдырып, жұптың бір-біріне сай келмейтінін жазуда.

«Әкесі мен қызы сияқты көрінеді екен», «Әлі ештеңе көрмеген кішкентай қыз сияқты», «Жігер аға, мұндай жасты қайдан таптыңыз?», «Екеуі бір-біріне үйлеспейді», «Бір түрлі көрініс екен!» деген сынды пікірлер желіде жиі кездеседі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button