Түркістан облысында өз әкесін аяусыз соққыға жығып, соның салдарынан қарттың қаза болуына себепкер болды деген күдікпен 40 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды qandastar.kz сайты sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық соттың хабарлауынша, күдіктіге азаптау және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру баптары бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде 40 жастағы тамада жігіттің өз әкесін аяусыз ұрғаны туралы видео тараған болатын. Бұл оқиға қоғамда резонанс тудырған еді. Ерлі-зайыпты қарияны аулада сүйреп жүргенін көршісі түсіріп алған. Ол зейнеткердің қазасынан кейін кадрды жариялап, полицияға жүгінеді. Кейіннен полиция оларға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



