Жаңалықтар

Әкесін ұрып-соққан: Түркістан облысында қоғамда резонанс тудырған іс бойынша сот үкімі шықты

Түркістан облысының Жетісай аудандық сотында дәрменсіз күйде болған адамға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру және азаптау бойынша айыпталған Алмас Садақбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады qandastar.kz сайты turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Сотттың ақпаратынша, сотталушы Алмас Садақбаев 2020 жылдан бері денсаулығы нашарлап, қозғалуында қиындықтары болған 70 жастағы әкесін жүйелі түрде ұрып-соққан. Салдарынан жәбірленуші физикалық және психикалық азап шегіп, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген.

Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайларды: бұрын сотталмағаны, кінәсін мойындауы және өкініш білдіруі, кәмелетке толмаған балаларының болуын ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот үкімімен оған түпкілікті жаза ретінде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде 40 жастағы тамада жігіттің өз әкесін аяусыз ұрған видеосы тараған болатын. Артынша әкесінің қайтыс болғаны да белгілі болды.

Тергеу барысында полиция қарияның неден қайтыс болғанын анықтау үшін эксгумация жасады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button