Жаңалықтар
Әкім лауазымынан босатылған Ноғаев маңғыстаулықтарға үндеу жолдады
«Құрметті маңғыстаулықтар, қадірлі жерлестер! Өздеріңізбен бірге өңіріміздің дамуы мен игілігі үшін жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды.
Үш жылға жуық уақыт бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев маған Маңғыстау облысын басқаруды тапсырды, осы үлкен сенімі үшін президентімізге рахмет айтамын. Менің барлық жұмысым сіздердің көз алдарыңызда болды, өздеріңізбен түрлі мәселемен жиі жүздестік, келісіп отырып қажет шешімдерді қабылдадық.
Атап айтқанда, өндіріс орындарын, шаруашылықтарды, тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету, МАЭК-тің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, инженерлік желілерді жаңарту, негізсіз бөлінген жер телімдерін қайтару және заңсыз құрылыстармен күресу бағытында, т.т. ауқымды жұмыстар атқарылды.