Жаңалықтар

Әкімдер рейтингінде кім көш бастап тұр?

Фото: ашық дереккөз

Соңғы айларда Қазақстан 80 жылда болмаған ең ірі су тасқынын бастан өткерді. Бұл табиғи апатқа әкімдердің дайындығы Президент Тоқаевтың қатаң бақылауында болды. Toppress.kz осыған және басқа да маңызды міндеттерге маңыз бере түзген әкімдердің рейтингіне шолу жасады, деп хабарлайды qandastar.kz.

Табиғи апатқа реакциядан басқа, әкімдер рейтингінде олардың жұмысының басқа да негізгі аспектілері, соның ішінде қалаларды абаттандыру, инвестиция тарту, өнеркәсіпті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны бағаланып отыр. Бұл критерийлер өңірлердің ағымдағы жай-күйін ғана емес, олардың болашақ даму әлеуетін де көрсетеді.

Тағы бір айтатын жайт, мұнда қызметі ауысуы мүмкін деген кандидаттар тізімі қамтылған. Инсайдтан келген хабар бойынша Атырау облысының әкімі Серік Жамбылұлы алдағы уақытта ауысуы мүмкін. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «кетеді» деген қауесет бар.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов лауазымын ауыстыруға негізгі кандидат деп те аталады. Сарапшылардың пікірінше, Ұлытау облысының әкімі, Шымкент, Қызылорда және Батыс Қазақстан облысының әкімдері де жақын арада «кресло» ауыстыруы мүмкін.

Талдауға енген тағы бір мәселе журналист Асхат Ниязовтың Абай облысына сапары және әкім Нұрлан Уранхаевпен кездесуі болып отыр, бұл кездесу әлеуметтік желілерде де кеңінен таралды. Тізімді де рейтинг бойынша осы облыстың әкімі бірінші бастап тұр. Сәуір-маусым рейтингісі төменде.

1. Нұрлан УРАНХАЕВ. Абай Облысы
2. Дархан САТЫБАЛДЫ. Түркістан облысы
3. Жеңіс Қасымбек. Астана қ.
4. Ермек Көшербаев. Шығыс Қазақстан облысы
5. Ерболат ДОСАЕВ. Алматы қ.

6. Асхат ШАХАРОВ. Ақтөбе облысы
7. Бейбіт ИСАБАЕВ. Жетісу Облысы
8. Ғабит Сыздықбеков. Шымкент қ.
9. Нұрлыбек Нәлібаев. Қызылорда облысы
10. Құмар Ақсақалов. Қостанай облысы

11. Марат Сұлтанғазиев. Алматы облысы
12. Марат АХМЕТЖАНОВ. Ақмола облысы
13. Ермағанбет Бөлекпаев. Қарағанды облысы
14. Асаин БАЙХАНОВ. Павлодар облысы
15. Ербол Қарашөкеев. Жамбыл облысы

16. Гауез Нұрмұхамбетов. Солтүстік Қазақстан облысы
17. Нариман Төреғалиев. Батыс Қазақстан облысы
18. Серік ШАПКЕНОВ. Атырау облысы
19. Берік Әбдіғалиұлы. Ұлытау Облысы

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close