Жаңалықтар

Әкімдік «Еститін мемлекет» туралы фильмге 5 млн теңге жұмсамақ

Фото: ашық дереккөз

Өскеменде «Еститін мемлекет» туралы фильм түсіруге 5,3 миллион теңгеге тендер жарияланды. Ішкі саясат бөлімі 10 минуттық фильмнің қазақ және орыс тілдерінде дайындалуы керектігін жазған, деп хабарлайды qandastar.kz

Фильмнің мақсаты – халыққа «Тыңдаушы мемлекеттің» институттары барын насихаттау, ел мен билік арасындағы байланыстың жібі үзілмейтінін көрсету. Мұнда бастама туралы тұрғындардың ойы да тыс қалмау қажет көрінеді.

Еске сала кетейік, «Еститін мемлекет» – билік пен қоғам арасындағы әріптестіктің бір түрі. Бұл, ең алдымен,  маңызды шешімдер жабық форматта емес, елдің қатысуымен қабылдануын білдіреді.

«Еститін мемлекет» тұжырымдамасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саясатының маңызды элементі және Жаңа Қазақстанды құруда маңызды рөл атқарады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close