Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Әкімшілік амнистия аясында азаматтардың айыппұлдары толық немесе ішінара кешіріледі

Қазақстанда әкімшілік амнистияға қатысты жеңілдіктер жарияланды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әкімшілік амнистия кезінде азаматтарға жасалатын жеңілдіктер туралы мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, әкімшілік рақымшылық шеңберінде жеке тұлғалардың орындалмаған айыппұлдары толық немесе ішінара есептен шығарылады.

“Айыппұлдың мөлшері мен есептен шығару тәртібі заң жобасын әзірлеу барысында уәкілетті органдармен нақты пысықталатын болады”, – деді Сәденов үкіметтің отырысында.

Сонымен қатар, министр әкімшілік амнистияға ілінбейтін тұлғаларды атап өтті.

Оларға террористер, экстремистер, жемқорлыққа қатысы бар адамдар, кәмелет жасқа толмағандарға қатысты қылмыс жасағандар, азаптау қылмыстары, рецидивистер мен іздеуде жүргендер жатады.

Премьер-министр екі апта ішінде әкімшілік рақымшылыққа байланысты нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button