Жаңалықтар

Ақмола: 10 күн бұрын жоғалған баланың денесі табылды

Фото:

Ақмола облысында 10 күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен алты жасар баланың мәйіті табылды, деп жазады qandastar.kz

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баланың денесі 10 мамырда Қорғалжын ауданындағы Нұра өзенінен табылған.

Кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама полиция бөліміне 30 сәуірде түскен.

«10 күннен астам уақыт бойы жоғалған баланы полиция қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері, еріктілер мен оқиғаға бей-жай қарамаған азаматтар іздестірумен болды. Арыз келіп түскеннен кейін бірден қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша қорытынды процессуалдық шешім қабылданады», — делінген хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close