Жаңалықтар

Ақмола әкімі: Жол бойында дәретханалармен проблема жоқ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана-Бурабай тас жолындағы дәретханалардың жұмысына азаматтар жиі шағымданатынын айтқан журналистің сұрағына қатқыл жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz.

Аймақ басшысы өзі сол жерлерге барғанын айтып, дәретханалар таза, жайлы және жылы екенін мәлімдеді.

«Трасса бойында 28 дәретхана бар, оларды “ҚазАвтоЖол” қызмет көрсетеді. Қандай шағым бар өзі? Әлде тағы да дәлелсіз айтыла ма? Өзім талай рет тоқтадым, барып көрдім. Таза, жайлы, жылы. 230 шақырымда 28 дәретхана бар. Сіздер бұл сұрақтарды қайдан аласыздар, нақты қай жер жабық екенін айтыңыздаршы? Мен өзім жиі жүремін. Әрине, бұл менің құзыретіме кірмейді, бұл – “ҚазАвтоЖолдың” шаруасы. Барлық 28 дәретхана жұмыс істеп тұр», – деді Марат Ахметжанов.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button