Жаңалықтар

Ақмола облысында құрылысшы жұмыс орнында есірткі сатқан

Ақмола облысында “Қарасора-2025” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер 38 жастағы құрылысшыны есірткі заттарын заңсыз сатты деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық полиция қызметкерлері аудандық ҰҚК бөлімшесінің, прокуратураның, арнайы бөлімшенің және 5510 әскери бөлімінің кинологының қатысуымен күдіктіні оның жұмыс орны — құрылыс нысанында ұстау бойынша арнайы операция жүргізген. Күдікті тыйым салынған зат салынған ораманы сатып алушыға бергеннен кейін ұсталды. Сараптама нәтижесі оның кептірілген марихуана екенін көрсетті.

Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында күдіктінің үй-жайындағы шаруашылық құрылыстан бірнеше орама табылып, тәркіленді. Кептірілген марихуананың жалпы салмағы 258,1 граммды құрады. Барлық заттар сараптамаға жіберілді және олардың есірткілік қасиеті расталды.

Ер адам өз кінәсін мойындады. Оған ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі (“Есірткі заттарды, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу”) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close