Облыстық полиция департаменті қызметтік міндеттерін атқару кезінде патрульдік полиция инспекторы Асанәлі Аскербековтің қаза болу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Жол апаты ағымдағы жылғы 7 желтоқсанда Астана-Ерейментау-Шідерті тас жолында болды.
«Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмағаны және жүргізушілерге қауіп туралы, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы туралы ескертіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз еткен патрульдік полиция инспекторына соқтығысуға жол бергені алдын ала анықталды», — делінген мәлімдемеде.
Облыстық полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрам қаза тапқан әріптесі — полиция аға лейтенанты Асанәлі Аскербековтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.



