55 жастағы ер адам Сандықтау ауданының полиция бөліміне жүгінген.
Белгісіз біреулердің қоңырауынан кейін ер адам ұялы телефонына қосымша орнатқан.
Алайда ол қандай да бір кодтарды, жеке деректерді немесе банктік шоттарды ешкімге айтпаған, сондай-ақ ақша қаражатын аудармаған.
Ер адамның айтуынша, оған өзін ұлттық банктің қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз адамдардан қоңыраулар түскен.
Олар ер адамды ақшаны бір банктің депозитінен екіншісіне аударуға көндіріп, бұл қауіпсіздік техникасы екенін айтқан.
Кейіннен ақмолалық депозитті тексергісі келгенде 5 млн теңге үшінші тұлғалардың шоттарына аударылғанын көрген.
Қазіргі уақытта полиция жедел және тергеу іс-шараларын жүргізуде.
Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға шақырады.