Жаңалықтар

Ақмолада 700 автокөлік кептелісте қалды

Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты жолда 700-ден астам көлік кептелісінде қалып қойған, – деп хабарлайды qandastar.kz

Көліктерді түнгі үшке дейін кезекшілікте тұрған тәртіп сақшылары коллонамен шығарып салуға мәжбүр болған.

Алайда, полицияның мәліметінше, мерекеден кейін көліктердің көп жүруіне байланысты түнгі үшке дейін дамылсыз кезекшілік атқаруға мәжбүр болыпты. Полиция қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бірқатар жүргізушілерге қажетті көмек көрсеткен.

— Ауа райы жағдайы аса қиын түк көрінбейтін боран болғандықтан қозғалысты ұйымдастыру үшін 49 қызметкерден тұратын патрульді полиция мен 20 қызметтік автокөліктер жұмылдырылды. Көлік кептілісі туындағандықтан колонна түзіп Щучинск қаласынан Астанаға дейін және кері қарай жеткізіп салуға шешім қабылданды. Жалпы саны 700-ге жуық оның ішінде 500 жеңіл көлік пен 200 жүк көлігі діттеген бағытына аман-есен жетті, – дейді полицияның баспасөз қызметінен.

Полиция ауа райы нашарлаған тұста жолға шықпай, жол жабылғаны туралы ескертпелерді елеусіз қалдырмауды сұрайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close