Ақмола облысында Біржан сал ауданының Кенащы ауылының хабар-ошарсыз кеткен тұрғыны Айжалғас Гарифоллаұлы Қайруллиновты іздестіру жалғасуда. Оның анасы жоғалып кету туралы өтінішпен аудандық полиция бөліміне жүгінген, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы Bairaqmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелдің айтуынша, 31 жастағы ер адам кешкі уақытта үйден шығып, 2 жарым айдан бері қайтып оралмаған. Полицейлер Кенащы, Ақбұлақ, Заозерное, Қазанқап ауылдарының аумақтарын, жақын маңдағы шалғай учаскелерді, орман алқаптарын және жергілікті жердің жету қиын учаскелерін зерттеді.
Осы мақсатта сүңгуірлер тартылып, арнайы жабдықтар пайдаланылды. Сонымен қатар, қараусыз қалған ғимараттар, қосалқы ғимараттар мен құдықтар қаралды. Іздестірумен қатар жедел-тергеу іс-шаралары да жүргізілді.
Жедел қызметкерлер А.Г. Қайруллиновтың жоғалып кеткен күні оны көрген азаматтарды, сондай-ақ жақын қарым-қатынас шеңберіндегі адамдарды анықтады және жауап алды. Туыстарының дәлелдері және жоғалған адамның ықтимал байланыстары мұқият зерттелді.Қазіргі уақытта іздеу шаралары жалғасуда.
Құқық қорғау органдары азаматтардан іздеуде көмек көрсетуді және жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға көмектесетін кез келген ақпаратты хабарлауды сұрайды. Полицейлер сондай-ақ жалған мәліметтерді таратпауға және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.



