Зейнеткерлердің атына несие алған әйел қылмыстық жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.
«Сандықтау аудандық соты көршілері мен жергілікті зейнеткерлерге алаяқтық жолмен 7 млн теңгеден астам несие берген ауылдық елді мекендердің бірінің тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады», — делінген мәлімдемеде.
Келіншек зейнеткерлердің сеніміне кіріп, жаңылыстыру арқылы оларға әлеуметтік төлемдер мен басқа да қызметтерді алуға көмектескен.
Құжаттарына, жеке деректеріне және ұялы телефондарына қол жеткізгеннен кейін оларды хабардар етпей банк несиесін алып, ақшаны өз мүддесіне пайдаланып, жәбірленушілерге материалдық шығын келтірген.
Әйел «Алаяқтық» бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартылып, оған 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.



