Жаңалықтар

Ақмолалық шенеуніктер су тасқыны кезінде бөлінген қаржыны жымқырған

Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында 300 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен бірнеше шенеунік пен кәсіпкер қамауға алынды. Бұл қаражат су тасқыны қаупі бар аймақ тұрғындарына арналған үйлерді салуға бөлінген, деп жазды qandastar.kz

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, Атбасар ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі басшыларына және «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС құрылыс компанияларының жетекшілеріне қатысты тергеу аяқталды. Тергеу барысында ірі көлемдегі ұрлық фактісі анықталды.

«Бұл қаражат 2021 жылы үкімет резервінен Атбасар ауданындағы су басу қаупі бар аймақтан 200 отбасын көшіру үшін екі 100 пәтерлі үй салуға бөлінген», — деп хабарлады прокуратура.

Күдіктілерге «аса ірі көлемде мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бабы бойынша айып тағылып отыр. Олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы және мүлкі тәркіленуі мүмкін.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close