Жаңалықтар

Ақпанда ауа райы қалай құбылады?

Фото: ашық дереккөз
Ақпан – ауа температурасының күрт өзгеруімен сипатталатын жылдың ең құбылмалы айларының бірі – аяздар мен ерулер. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz

Мамандардың мәліметтері бойынша, ақпан айының басында солтүстік-батыс циклонының әсерінен бұлтты ауа райы (қар, көктайғақ және жаңбыр) болжанады, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады. Республика бойынша екпінді жел соғады, тұман түседі, көктайғақ болады.

Республиканың басым бөлігінде ақпанның алғашқы күндерінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:

  • республиканың батысында және оңтүстігінде күндіз 0+10°С дейін;
  • республиканың солтүстік жартысында түнде -2-7°С дейін, күндіз -4+1°С дейін.

Еліміздің шығысында және орталығында негізгі температуралық фон түнде -12-20°С, күндіз 0-8°С жылы болады деп болжануда.

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Қазақстанда Салехард облысынан келетін суық антициклонның әсерінен ауа температурасының төмендеуі болжанады:

  • республиканың солтүстік жартысында түнде -28-35°С дейін, күндіз -20-25°С дейін;
  • оңтүстік жартысында түнде -13-20°С, күндіз -5-12°С дейін, таулы аймақтарда және оңтүстік облыстардың солтүстігінде түнде -30°С дейін, күндіз -20°С дейін.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close