Жаңалықтар
Ақпаннан бастап автогаз қымбаттамақ
Фото: ашық дереккөз
Энергетика министрлігі 1 ақпаннан бастап сұйытылған мұнай газының бағасын қымбаттатуды жоспарлап отыр, деп жазды qandastar.kz naryk.kz-ке сілтеме жасап.
Себебі сұйытылған мұнай газын өндірушілердің шығыны көбейген. Мәселен, сұйытылған газ өндірісінің қазіргі құны тоннасына 65-тен 75 мың теңгеге дейін, ал өндіруші зауыттар үшін шекті көтерме баға тоннасына 45 158 теңге деңгейінде белгіленген.
Осыған байланысты, өндіруші зауыттарда жыл сайынғы жоспарлы жөндеулерді жаңғырту және жүргізу үшін қаражат тапшылығы бар.
Сонымен қатар министрлік жанармай бағасын да қоя беруді ұсынып отыр.
Сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылғы 1,8 млн тоннадан 2024 жылы 2,4 млн тоннаға дейінгі өскен.
«Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасы ТМД елдері арасында ең төмендердің бірі.
Бұйрық жобасына сәйкес сұйытылған газдың шекті көтерме бағасы тоннасына 45 158 теңгеден 51 932 теңгеге дейін көтеріледі.
Бұл ретте шекті бөлшек сауда бағасы өңірлерге байланысты 6 теңгеден 21 теңгеге дейін ұлғаяды.
Бұл шара ішкі нарықты тұтынуды толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және газ өңдеуге инвестициялар тарту үшін жағдай жасайды», — дейді министрлік.
Төменде өңірлерге байланысты бағаның неше теңгеден неше теңгеге дейін қымбаттайтыны көрсетілген.