АҚШ билігі осы аптада Иран мәселесіне қатысты келіссөздер өткізу үшін Израиль мен Сауд Арабиясының жоғары лауазымды өкілдерін қабылдайды. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады, деп жазды Qandastar.kz порталы Bild сайтына сілтеме жасап.
Axios порталының дерегінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеран басшылығына қарсы әскери операция жүргізу мүмкіндігін әлі де жоққа шығармай отыр. Израиль үкіметінің өкілдері Вашингтонға келіп, Ирандағы ықтимал нысандар жөніндегі барлау мәліметтерімен алмасады.
Ал Сауд Арабиясының делегациясы ірі аймақтық соғыстың алдын алу үшін мәселені дипломатиялық жолмен шешуді қолдайды.
Алайда Reuters агенттігі Axios таратқан ақпаратты әзірге растай алмады. АҚШ президенті әкімшілігі тарапынан ресми пікір берілген жоқ.



