АҚШ Мемлекеттік департаменті Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының жетекшілері туралы ақпарат беретіндерге 10 миллион доллар сыйақы жариялады. Оның ішінде Иранның жаңа жетекшісі Моджтаба Хаменеи де бар, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сыйақы «Rewards for Justice» («Әділдік үшін сыйақы») бағдарламасы аясында беріледі. Бағдарлама Ислам революциясы сақшылар корпусының әртүрлі бөлімдерін басқаратын 10 адам туралы ақпарат сұрап отыр. АҚШ тарапының мәліметінше, бұл тұлғалар әлем бойынша террорлық әрекеттерді жоспарлап, ұйымдастырып және жүзеге асырып отыр.
Іздеуде жүргендердің қатарында:
- жоғарғы жетекші Моджтаба Хаменеи;
- жоғарғы жетекші аппараты басшысының орынбасары Али Асгар Хеджази;
- әскери кеңесші генерал-майор Яхья Рахим Сафави;
- Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің кеңесшісі Али Лариджани;
- ішкі істер министрі Эскандар Момени;
- барлау және қауіпсіздік министрі Эсмаил Хатиб.
АҚШ Мемлекеттік департаменті Ислам революциясы сақшылар корпусы мен оның «Кудс» арнайы бөлімшесін 2019 жылдан бері шетелдік террористік ұйымдар тізіміне енгізгенін атап өтті. АҚШ азаматтарына бұл ұйыммен кез келген келісім жасауға, сондай-ақ оған материалдық қолдау көрсету немесе ресурстар беру қылмыс болып саналады.



