Жаңалықтар

АҚШ пен Қытай сауда келіссөздерін жалғастырады – Bloomberg

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері бүгін, 10 маусым күні Лондонда қайта жалғасады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы. 

Келіссөздердің алғашқы күні Букингем сарайы маңындағы Lancaster House ғимаратында өтті және алты сағаттан астам уақытқа созылды. Келесі кездесу сейсенбі күні жергілікті уақытпен таңғы 10:00-де өтпек.

АҚШ делегациясын Қаржы министрі Скотт Бессент, Сауда министрі Ховард Лютник және Сауда өкілі Джеймисон Грир бастап барды. Қытай делегациясын вице-премьер Хэ Лифен басқарды.

Бессент келіссөздердің «жақсы өткенін» айтса, Лютник оларды «жемісті» деп бағалады. Қытай делегациясы баспасөзге түсініктеме бермеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 5 маусымда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін атап өткен болатын. Сонымен қатар, Қытай басшысы Вашингтонды Қытайға қарсы шектеу шараларынан бас тартуға шақырды және АҚШ Президентін Қытайға ресми сапармен келуге үндеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close