АҚШ Ресейдің энергетика секторына қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірлеуде, олар туралы осы аптада-ақ жариялануы мүмкін, деп жазады qandastar.kz.
Bloomberg мәліметінше, АҚШ-тың жаңа санкциялары Ресей мұнайын тасымалдаумен байланысы бар деп саналатын танкерлерге және оны сату операцияларына жәрдемдесетін трейдерлерге әсер етуі мүмкін.
«АҚШ Мәскеуге қысымды күшейту мақсатында Ресейдің энергетика секторына қарсы жаңа санкциялар пакетін дайындап жатыр… Жаңа шаралар осы аптада-ақ жариялануы ықтимал», — деп хабарлайды агенттік жағдайдан хабардар дереккөздерге сілтеме жасап.

