Әлем жаңалықтары

АҚШ-та аза тұту күні жарияланды

Фото: report.az
Америка Құрама Штаттарында 2025 жылдың 9 қаңтары АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картердің қайтыс болуына байланысты ұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп жазды qandastar.kz

Қазіргі президент Джо Байденнің тиісті мәлімдемесі Ақ үйдің сайтында 2024 жылдың 29 желтоқсанында жарияланған.

«Мен 2025 жылдың 9 қаңтарын бүкіл Америка Құрама Штаттарында ұлттық аза тұту күні деп белгілеймін. Американдықтарды осы күні өздерінің ғибадат орындарына жиналып, президент Джеймс Эрл Картерді еске алу үшін құрмет көрсетуге шақырамын».Джо Байден

Сондай-ақ, ол АҚШ туын Ақ үйде және ел билігіндегі барлық мекемелерде, оның ішінде шетелдегі нысандарда да Джемми Картердің қайтыс болған күнінен бастап, 30 күн бойы төмен түсіруді бұйырды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close