АҚШ-тың Мичиган штатында дүйсенбі күні қар басқан автомагистральда 100-ден астам көліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады qandastar.kz. порталы ABC News-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, өңірді қалың қар басып, көріну күрт нашарлаған. Соның салдарынан тізбекті жол апаты орын алған. Оқиғадан кейін полиция трассаны екі бағытта да толық жапты — зақымданған көліктерді эвакуациялау бірнеше сағатқа созылған. Апатқа ондаған жүк көлігі де қатысқан.
Құқық қорғау органдары зардап шеккендер бар екенін хабарлады, алайда қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Куәгерлердің айтуынша, қалың қардың салдарынан жолдағы көріну дерлік нөлге тең болған: көліктер бір-бірімен соқтығысып, жол жиегіне шығып кеткен. Әлеуметтік желілерде апат орнынан түсірілген кадрлар пайда болып, жаппай соқтығысудың салдары көрсетілген.
10O car pile up shuts down I-196 In Western #Michigan pic.twitter.com/OEB0bHIjoA
— CrimeInTheD ® (@CrimeInTheD) January 19, 2026



