Жаңалықтар

АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

АҚШ Конгресі Ақ үйдің төрт қызметкерінің сол кездегі президент Джо Байденнің орнына автоматты қолтаңбаны қолданып, құжаттарға заңсыз түрде қол қойғанын анықтады. Бұл туралы Өкілдер палатасының қадағалау және үкіметтік реформа комитетінің төрағасы, республикалық Джеймс Комер мәлім етті, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Біз төрт қызметкерді анықтадық. Олар құжаттарды Байденге ұсынбай, автоматты қол қою жүйесіне бағыттап, нәтижесінде құжаттарда Байденнің қолтаңбасы пайда болған, — деді Комер Fox News телеарнасына берген сұхбатында.

Комер бұл мәселеде кім рұқсат етті және қандай негізде жүзеге асты деген сұрақтар маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Конгресс бұл қызметкерлерді куәлік беруге шақырады.

Бұл оқиға Байденнің денсаулығы мен басқару қабілетіне қатысты қоғамда туындаған күмәнмен тұспа-тұс келіп отыр. Бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Байден әкімшілігінің кейбір мүшелерін мемлекетке опасыздық жасады деп айыптаған болатын. Ол мигранттарға шекара ашу және көші-қон заңдарына Байденнің атынан қол қою Америка мүддесіне қарсы әрекет деп есептейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close