Жаңалықтар

АҚШ Венесуэлаға соғыс ашуы мүмкін бе? Трамп жауап берді

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Венесуэла арасында соғыс басталуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл туралы NBC News телеарнасы хабарлайды, деп жазады qandastar.kz. 

Телеарнаға берген сұхбат барысында журналист АҚШ пен Венесуэла арасындағы ықтимал соғыс туралы сұрақ қойған.

«Мен мұны жоққа шығармаймын, жоқ», – деп жауап берді Трамп.

Сонымен қатар ол АҚШ-тың венесуэлалық кемелерге соққы беруі мүмкін екені жөнінде «талқылауға ниетті емес екенін» мәлімдеді.

Back to top button